Ардагер ұстаз: Еңбек адамын насихаттау маңызды

Ұлытауда жұмысшы маман тапшы. Өңірге әсіресе құрылысшы, дәнекерлеуші, жол жөндеушілер қажет.

Бір ғана Жезқазғанның өзінде 250-ге жуық бос жұмыс орны бар. Президенттің Жолдауда келер жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді, дейді «Диалог» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Надежда Дисекенова.

50 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаз Мемлекет басшысының жолдауын Астанада Парламент депутаттарымен және Үкімет мүшелерімен бірге тыңдады. Қарапайым мұғалімді елордаға арнайы шақыру – еңбек адамына көрсетілген құрмет, дейді ол.

Ал жұмысшы жастардың қатарын арттыру үшін еңбек озаттарының образын насихаттау жұмыстарына басымдық беру маңызды екенін айтады.

Надежда Дисекенова, "Диалог" ҚБ төрағасы:

- Еңбектің арқасында қандай жетістіктерге жетті деген азаматтардың образын насихаттауымыз керек. Жастарды сол образға тартып, тәрбиелеуіміз керек. Адам қандай жұмыс істесе де ол адалынан, жанымен істеу керек дегендей. Әділетті Қазақстанды құру үшін әр азаматтың еңбегі болу керек. Міндеттерді, қойылған мақсаттарды біз орындауымыз керек деп ойлаймын.