Құмар ойындарға қарсы 7 мыңға жуық интернет ресурс бұғатталды

Құмар ойындар мен букмекерлік кеңселерге қарсы күресте Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және Ішкі істер министрлігі бірлесіп, заңсыз қызмет белгілері бар 11,5 мың интернет ресурсты анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Оның ішінде заңсыз лотерея қызметі мен интернет-казино бойынша 7 мыңға жуық ресурс бұғатталды. Мыңнан астамы өңдеу сатысында, шамамен 2 мыңы қолжетімсіз, 1300-дейінде құқықбұзушылық белгілері жоқ болып шықты. Тағы 200-ден астамын Мемлекеттік техникалық қызмет пилоттық режимде бұғаттап тастады.