Су тасқынынан зардап шеккен 7393 отбасына жаңа баспана берілді
Су тасқынынан зардап шеккен 7 мыңнан астам отбасыға жаңа баспана берілді, деп хабарлайды 24kz.
Оның ішінде 5 мыңнан астамы сатып алынды, тағы 2 080 үй жаңадан салынды. Тұрғын үйін жөндеп, қалпына келтіру бойынша өтініш берген 9 147 азаматқа жалпы 53 млрд 500 млн теңге көлемінде өтемақы берілді. Тағы 34 мыңнан астам жанұяға жалпы 12 млрд 600 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді.
Сондай-ақ бірінші қажеттіліктегі жоғалған заттарын сатып алу үшін шамамен 22 мың отбасыға жалпы 9 млрд 900 млн теңге қосымша төлем берілді.
Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендердің тұрғын үйін қалпына келтіру жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.