Петропавлда төрт жайлы мектеп салынып жатыр

Петпопавл қаласында 4 жайлы мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

«Орман» және «Береке» шағын ауданындағы әр қайсысы 600 орындық білім ошақтарының құрылысы жақында аяқталады. Сондай-ақ «Қопай» және «Жас өркен» ықшам аудандарында жалпы сыйымдылығы 1500 орын болатын екі мектептің құрылысы биыл басталды. Қос нысан келер жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Оған дейін мектеп бағдарламасына қаржылық сауаттылық және цифрлық гигиена пәндерін енгізу жоспарланып отыр. Тарих пәнін тереңдетіп оқытуға да баса мән беріледі.

Виктория Бородай, тарих пәнінің мұғалімі:

- Күнделікті өмірімізге, іс-әрекетімізге бей-жай қарамағанымыз секілді, тарих та тасада қалмауы керек. Мен тарих кітаптарын лицензиялау бойынша курстарды аяқтадым. Сондықтан жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген махаббатты қалыптастыратын әдебиетке баса назар аударамын. Білім беру саласына, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қосамын.