Сарапшылар АЭС құрылысы мәселесін талқылады

Атом энергиясы Қазақстанның тұрақты дамуына септігін тигізеді. Астанада өткен АЭС құрылысы тақырыбындағы дөңгелек үстелде сарапшылар осылай деді.

Энергетика саласының жетекші мамандары қатысқан жиында саланы дамыту жолдарын, экономикалық тиімділігі мен қауіп-қатерлерді сөз етті. Сондай-ақ сарапшылар замануи технологияларды енгізу мен халықаралық қауіпсіздік стандарттарын сақтаудың маңызын да атап өтті. Экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмады.

Алмаз Әбілдаев, Энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы:

- Қазір реактор 4 поколения на быстрых нейтронах. Сол сынақтан жүріп жатыр көп мемлекетте. Франция мен Ресейдің де тәжірибесі бар. Келешекте ол өңделген ядерлық отынды өзімізде сақтайтын болсақ, ол потенциалды жаңа отын болады, былай айтқанда. Сонда экологиялық мәселе шешіліп тұр. Ол фактический полный цикл болады. Отход болмайды.