Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Қостанай қаласындағы балаларға арналған IQostanay smart орталығының қызметімен де танысты, деп хабарлайды 24kz.
Мұнда қазір екі мыңға жуық оқушы қосымша білім алады. Өскелең ұрпақтың игілігі үшін 24 үйірме жұмыс істеп тұр. Оқушылар сарайында жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған киберспорт, инженерия, авиамодельдеу кабинеттері бар. Оқушылармен тілдескен Президент біз уақыт талабына сай технологияны меңгерген ұлтқа айналуымыз қажет екенін айтты. Өз кезегінде балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа техникалық мамандықтарға арналған білім гранттарын көбейткені үшін рақмет айтты.