ШҚО-ға жасалған археологиялық зерттеудің қорытындысы шықты
Шетелдік ғалымдар мен археологтардың қатысуымен Шығыс Қазақстан облысына жасалған археологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы шықты, деп хабарлайды 24kz.
Осыған орай «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты VIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға өңірді зерттеу үшін алыс-жақын шет елдерден келген ғалымдар мен археологтар қатысты.
«Соңғы қазба жұмыстарының нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу керек»,- дейді мамандар. Сол арқылы аймақтың археологиялық әлеуетін тереңірек зерттеуге мүмкіндік туады.
Ғани Омаров, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ доценті:
- Бұл жылда өтетін ғылыми-тәжірибелік конференция. Ары қарай да жалғасын табады деп ойлаймыз. Осынау біздің ғана ғалымдарымыз емес, шетелдің ғалымдары да осы іске үлестерін қосып жатыр. Соның ішінде мынау пәнаралық зерттеу жұмыстары қарқынды дамып келе жатыр.