Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өзгеріс енгізілді

Елімізде мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды 24kz.

Атап айтқанда, құжаттардың тізімі айтарлықтайт азайған. Қазір Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына басымдық беріп отыр. Жоспардың өңірлерде іске асуы аса маңызды. Сондықтан бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен мәслихат депутаттары келіп, елордада бас қосты. Жалпы бұл құжатта Қазақстанның таяу жылдардағы экономикалық-әлеуметтік басым бағыттары анықталған. Ұлттық жоспар ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын айтарлықтай арттыруды көздейді. Ұлттық даму жоспары 17 нақты бағытты қамтып, елдің жаңа экономикалық модельге көшуін жүзеге асырады.

Әсел Көмекбаева, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі макроэкономикалық саясат департаменті директорының орынбасары:

- Мемлекеттік жоспарлау жүйесі тиімді жұмыс істеу үшін біршама құжат алынып тасталды. Қазір ең маңыздысы 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары. Ол алдағы 7 жылға арналған. Маңызды құжат нәтижелі іске асса, еліміздің экономикалық жағдайы да артады.