Халықтық штаб мүшелері жамбылдықтармен кездесті

Энергетик мамандардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай атом энергиясы 2 есе көп пайдаланылады, деп хабарлайды 24kz.

Сондықтан әлемде тағы 15 мемлекет 61 атом реакторын салуға бел буды. Себебі, қазірдің өзінде энергия тапшылығы сезіле бастады. Бұл туралы Жамбыл облысында өткен Халықтық шатбтың жиынында айтылды. Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өңір тұрғындарымен арнайы кездесіп, жан-жақты мәлімет берді. Атом энергетикасын дамыту бағытындағы әлемдік трендтер, АЭС-тың қауіпсіздігі туралы айтты. Ғалымдар сенімді энергия көзі болмайынша көп мәселені шешу мүмкін емес екенін жеткізді.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Халық референдумға қолдаса, Қазақстанда III немесе III+ буынды атом электр станциясы салынады. Әлемде 31-ден астам дамыған мемлекетте 415 атом реакторы жұмыс істеп тұр.Егер бұл қауіпті болса, неге дамыған елдер осы АЭС салып жатыр?!