₸4 млрд жалған бухгалтерлік құжат рәсімдеген күдіктіге іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысында дүниеге келген Руслан Омаров есімді азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлайды 24kz.
Ол жалған шот-фактуралар рәсімдеуге қатысты күдікке ілікті. 2011 жылдан 2013 жылға дейін "Сұңқар логистикс" серіктестігін басқарып, 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген. Салдарынан мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам салық төленбеген. Іздеу салынған адам жайында қандай да бір мәлімет берген азаматқа сыйақы мен анонимдікті сақтау уәде етілді.