АЭС: Халықтық штаб мүшелері Ұлытау облысына барды

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілдері  Ұлытау облысына барды, деп хабарлайды 24KZ.

Тұрғындармен кездесіп, 6 қазанда болатын жалпыхалықтық референдумның маңызы туралы айтты. Өндіріс орындарын аралап, еңбек адамдарының өтініш-пікірін тыңдады.  Ұлттық ядролық орталық мамандары экологиялық қауіпсіздікке қатысты  сұрақтарға жауап берді. 

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық Халықтық штаб мүшесі:

- Кейбір жерлерде, расын айту керек, кішкене ақпарат жетіспей жатыр.  Артынан ойланып, сұрақтарға жауап тауып. Радиация туралы сұрап жатқандар бар. Осындай бір елді алаңдатқан сұрақтар бар. Оның бәріне мамандар жауап беріп жатыр. Енді бізде бұл салынатын болса, 15 жылдың ішінде біз өзіміздің мамандарды тәрбиелейміз. 10 жылдан екі буын ғой, былай қарасаңыз, 5-5 жылдан. Шетелдегі ең озық университеттерге апарып, кадрларымызды дайындауымыз керек.