Қызылордада Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы сотталды
Қызылорда қалалық соты облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.Әбсаттаровқа қатысты үкім шығарды.
Шенеунік бизнес өкілдерінен 6,8 млн теңгеге дизель отынын және ұлының оқу ақысы ретінде 1,4 млн теңге талап еткен. Сонымен қатар кәсіпкерлердің тиісті көлемде сұйытылған газ алу құқығын шектеп, кәсіпорындарға 27 млн теңге шамасында залал келтірген. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Сот үкімімен Әбсаттаровқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілді. Үкім заңды күшіне енді.