Павлодардағы экологиялық десант мүшелері отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барды

Павлодардағы жастар бастамаларын дамыту орталығы жанынан құрылған экологиялық десант отбасы үлгісіндегі Кенжекөл балалар ауылына барды, деп хабарлайды 24kz.

Волонтерлер балаларға қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Десант мүшелері әлеуметтік мекемелерді де назардан тыс қалдырмады. Экодесант құрылған төрт айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Эльмира Әскерова, волонтерлер орталығының инспекторы:

- Біз ластанған аумақты жинаумен қатар тұрғындарға қалдықтарды қалай іріктеу керек екенін түсіндіретін танымдық, ақпараттық үнпарақтар таратамыз. Жиналған қоқыстың салмағын өлшемедік. Бірақ әрбір тазалық шарасында кем дегенде 50 қаптай қоқыс шығарылады. Көбінесе саябақтарды тазалаймыз.