Энергия тапшылығының орнын толтыру үшін АЭС салу қажет – мамандар
Елде 2029 жылға қарай электр қуатының тапшылығы 3 гигаваттан асуы мүмкін.
Энергия тапшылығының орнын толтыру үшін атом электр станциясын салу қажет. Соның арқасында негізгі ресурс мәселесі шешіліп, экономиканың әртараптануына жол ашылады. Қарағандыда өткен жиынға қатысушылар осылай дейді. Елдегі энергияның басым бөлігі су және жылу электр станцияларынан алынады. Олардың көбі 60 жыл бұрын пайдалануға берілген. «Нысандарды қалыпқа келтіргенімен, энергияға сұранысты толық қамтамасыз ету мүмкін емес», - дейді мамандар.
Феликс Болатбаев, ҚТУ Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің деканы:
- Қазіргі жылу және су энергия станцияларын қанша қалыпқа келтірсек те, жағдай жақсармайды. Жыл өткен сайын елімізде алып қөұрылыстар салынып, жаңа өндіріс ошақтары іске қосылуда. Олардың барлығына бірінші кезекте энергия керек. Біздегі баламалы энергия көздері де мұны қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан атом электр станциясын салау қажет. Әрине, бұл қымбат жоба. Бірақ келешекте өзін өзі ақтайды. Кем дегенде 60 жыл энергия тапшылығы болмайды.