15 мың астаналық жұмыссыз
15 мыңнан аса астаналық екі қолға бір күрек таппай жүр.
Бұл жұмыссыздыққа тіркелген жұрттың белгілі саны, ал тізімге енбей, тұрақты жұмыс таппай жүрген халықтың нақты саны беймәлім. Бұл жайлы Мансап орталығының басшысы Бағила Орынбетова мәлімдеді. Оның айтуынша, астаналықтардың жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыз, ал жастардың 3,9 пайызы еңбекке тартылмаған. Жауаптылар осы елге жұмыс тауып беру үшін жыл сайын жұмыс көрмесін ұйымдастырып келеді.
Бағила Орынбетова, Астана қалалық «Мансап» орталығының басшысы:
- Жыл көлемінде бізде негізінде осындай жалпыұлттық үлкен, жалпы қалалық 3 үлкен жәрмеңке жоспарланған болатын. Екі жәрмеңке өткізілді. Алдағы уақытта тағы осындай үлкен жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр. Ал жыл басынан бізде шағын жәрмеңкелер өткізіліп жатыр. Жоспар бойынша 60 жәрмеңке өткіземіз. Қазіргі таңда 30 өткіздік.