Халықтық штаб мүшелері СҚО шаруаларымен кездесті
Атом электр стансысы ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға жол ашады. Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларымен кездескен халықтық штаб мүшелері осындай пікір білдірді.
Олардың айтуынша, еліміздің өнеркәсіп саласында қуат көзінің тапшылығы байқалады. Ал стансы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканың дамуына оң ықпал етеді. Басқосу барысында спикерлер референдумның маңыздығын түсіндіріп, тұрғындардың сұрағына жауап берді.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Болашақта, алдағы 10-15 жылдықта бізге электр энергиясы, қуаты күрт жетіспей бастайды. Жеткізудің бір ғана жолы бар – альтернативті түрде, тұрақты түрде өзін беретін жобаларды іске қосу. Олардың бірі – атом электр стансысы.