Елімізде жыл соңына дейін бірнеше кеден бекеті жаңартылады
Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарада орналасқан кедендік бекеттер жаңартылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің айтуынша, жыл соңына дейін 9 автокөлік өткізу пункті мен бір теміржол өткелі заманауи технологиямен жабдықталады. Бұл бекеттерден өткізу уақытын 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама арқылы кедендегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу көзделген.
Ғабит Оразов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:
- Қазір көлік өтетін 9 кеден бекеті жөнделіп жатыр. Олар Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада орналасқан. Бүгінде «Қапланбек» кеден бекеті толық жабық тұр. Қалған 9 кеден бекеті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан ашық. Жалпы жыл соңында дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.