Бейбіт атомның артықшылығы көп
«Қазақстанда энергия тапшылығы бүгінде 1,3 гигаватқа жетті. Ал 2030 жылы 3 гигаватқа дейін өседі», - дейді ғалымдар.
Бейбіт атомды пайдаланудың артықшылығын талқылаған мамандар «жасыл» энергия көзі ретінде атом электр станцияларының маңыздылығын атап өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститеті Теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Федор Пеньковтың айтуынша, бұл Қазақстан өзекті.
«Өйткені еліміз отын ретінде көмір мен газды пайдаланады. Жылына атмосфераға 35 миллион тоннаға дейін көмірсутектер шығарылады. Бұл қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді», - дейді ғалымдар.
Ердос Иманқұлов, техника ғылымдарының докторы:
- 1954 жылы Огненскіде дүниежүзінде бірінші атом электр станциясы салынған болатын. Ол кездегі технология және қауіпсіздік мәселесі қазіргі технологиядан төмен болғанымен осы күнге дейін жұмыс істеп келе жатыр. Сондықтан қауіпсіздіктен қорықпау керек. Қазіргі технологиялар автоматтандырылған, қауіпсіздік жүйелері атом электр станцияларында қолданылады.