Еліміздегі жедел жәрдем көлігінің жартысына жуығы тозған

Елдегі жедел жәрдем қызметтері тиісті транспортпен 99 пайыз қамтылған.

Алайда 47 пайызының тозығы жетіп тұр. Өңірлер бойынша жіктесек, автопаркінде 80 пайыз ескірген көлігі бар Батыс Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Тізімді Павлодар мен Қостанай облыстары жалғайды. Ал қалаларға келсек, Астанадағы жедел жәрдем көліктерінің 79 проценті тозған. Үштікте Алматы мен Шымкент шаһарлары бар. Бұл тұста Денсаулық сақтау министрлігі елдегі әкімдіктерге өздерінің жеке жедел жәрдем көлігі резервін құруды ұсынып отыр. Мұны ведомство «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жариялаған.

БҚО 76%

Павлодар облысы 67,2%

Қостанай облысы 63,4%

ШҚО 55,4%

Қарағанды облысы 55,4%

СҚО 52%

Жетісу облысы 50,2%

Абай облысы 50%

Алматы облысы 45%

Атырау облысы 45%

Астана 79%

Алматы 69,3%

Шымкент 69% 

Гүлнар Тұяқова, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары:

- Техника жетіспейді. Қазір бұл басты мәселеге айналып отыр. Көліктің пайдаланылатын көлемі іс жүзінде 4,5 жыл. Ал құжат бойынша ол 6,5 жыл қолданылуы керек. Біздегі транспорттың бәрі күндіз-түні тоқтамастан жұмыс істейді. Сондықтан оны басқа қызмет көліктерімен салыстыруға келмейді. Жалпы айтқанда, мұндай проблеманың барына 10 жылға жуықтады.