Елімізде туристерге арналған мобильді қосымша іске қосылады
Елде енді туристерге арналған мобильді қосымша іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа жоба демалушылардың қауіпсіздігі үшін қажет. Бурабайда өткен туристік форумда тың бастаманың тиімді тұсы талқыланды. Жиын барысында туристік операторлардың рейтинг жүйесі де ұсынылды. «Бұл бәсекелестікті арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартады», - дейді форумға қатысушылар. Ауқымды шара үш күнге жоспарланған.
Ералы Тілеуов, сарапшы:
- Қазақстанда бүгінгі нарықта жұмыс істеп жатқан туроператорлар 10-нан аспайды. Ол енді қатты бәсекелестік болғанмен де, бірақ ол сапаға әрине, қолжетімді бағаға ұсынады. Бәсекелестік туроператорлардың арасында көп. Сондықтан форумда осы сұрақты жан-жақты талқылаймыз.
Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының төрайымы:
- Біз соңғы уақытта бірқатар бағытқа тікелей әуе рейстерін аштық. Бұл туристер үшін өте қолайлы. Мәселен, қазір елімізде 100-ден астам әлем елдеріне тікелей қатынауға болады. Сондай-ақ жаңа әуежайлар да салынып жатыр. Енді ондағы қызмет көрсету сапасын арттыру міндеті тұр.