Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады
Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады.
Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесу барысында Су ресурстары және ирригация министрі мәлімдеді. Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, гидронысан жылдың соңына дейін «Қазсушар» кәсіпорнының балансына көшуі тиіс. Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның көлемі 319 миллион текше метр.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Ең бірінші қандай жағдайда тұрғанын анықтаймыз. Қорытынды алған соң әрі қарай шешім қабылдаймыз. Күрделі жөндеу жұмыстарын атқарамыз ба немесе ағымдағы жұмыстарымен шектелеміз бе? Мына жұмысты істеу керек деп оны сырттан көресің. Темірдің жағдайы қалай ішіндегі немесе дамбаның жағдайы қалай ішінде, оны көпфакторлы жұмыстар анықтап береді.