«Хабар» Агенттігінің қызметкерлері Түркияда тәжірибеден өтті
Журналистика – өмір бойы үйренетін мамандық. Елдегі жетекші медиакомпания – «Хабар» Агенттігінің» қызметкерлері Түркияның телерадио мекемесінде қысқамерзімді тәжірибеден өтті.
Бес күн бойы редакторлар, продюсерлер мен графика мамандары түріктің озық тәжірбиесімен танысып, шетелдік әріптестерімен ортақ түсірілім жұмыстарын атқарды. Шара соңында қатысушыларға 60 жылдық тарихы бар ТРТ телерадиокомпаниясының сертификаттары табысталды.
Данияр Болысбекұлы, продюсер:
- Қазір ақпарат ғасыры ғой. Бір жақта бірнәрсе қатты дамып кеткен. Біз жақта кенже қалып қойды дейтіндей кем түсетін тұстарымыз жоқ екен. Барлық жерде бірге келе жатырмыз. Дей тұрғанымен, бұл енді біздің маман ретінде үйренгеніміз. Ал адам ретінде көргеніміз, үйренетіміз әлі де түрік бауырларда көп екен. Әсіресе ұлтын сүю, тарихы мен тілін құрметтеу тұрғысынан түрік бауырларынан үйренетін дүниеміз әлі де бар.
Парлаян Йылдыз, ТРТ продюсері:
- Қазақстандық 10 бауыр әріптесімізбен бірге нәтижелі оқыту өткіздік деп ойлайм. Бұл жолы бәрі ерекше. Бәріміз бірге түсірілім алаңдарына бардық. Бірге мәтін жаздық. Материалды графикамен толықтырдық. Бір-бірімізден үйренеріміз әлі де көп.