Қызылордада референдум өтетін күні инватакси қатынайды

Қызылорда облысында республикалық референдумда 380 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Оның 256-ы аудандарда, қалған 126-ы облыс орталығында ашылады. Қазір дауыс беру орындары қажет құрал-жабдықтармен қамтылған. Сайлаушылардың тізімі түгенделіп, комиссиялар құрамы бекітілді. Жалпы саяси науқанға 1692 адам жұмылдырылады.

Облыс орталығында референдум күні 126 сайлау учаскесі ашылады. Оның 27-сі жабық. Олар аурухана, әскери бөлім, изолятор мен вахталық елді мекенде орналасқан. «Әр дауыс беру орнында мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлек бұрыш қарастырылған», - дейді аумақтық комиссия төрағасы Әділбек Ерсұлтанов. 

Әділбек Ерсұлтанов, Қызылорда облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

- Ол өтініштер 6 қазан сағат 12 дейін қабыладанады. Осы азаматтар қабылдағаннан кейін 12 кейін референдум учаскелік комиссиялары 2 азаматтан құрылған топ үйден дауыс беруге азаматтардың дауыстарын қабылдайды. Бұл азаматтардың саны әзірге белгісіз. Кейбір азаматтар осы рефрендум учаскесіне келіп дауыс беремін дес жатса, оларға 45 облыс бойынша инватакси белгіленген. 

 Саяси науқан алдында халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Өңірде барлық мәлімет енгізілген онлайн жүйе іске қосылған. Тұрғындарға колл-орталық қызмет көрсетеді. Ондағы мамандар 20 күннің ішінде 500 қоңырауға жауап берген.

Мұқанғали Темірхан, жедел әрекет ету орталығының жетекшісі:

- Мекен-жайда тіркелмеген тұрғындарға арналған 5 референдум уаскесі қарастырылған. Ол жерде сол күні сол мектептерде уақытша референдум учаскесі сол мектепке тіркеледі, сол жерде дауыс береді. Бір күнге тіркеліп, уақытша тіркеуге сол референдум болатын күні, яғни 6 қазан күні тіркелген тұрғындар сол жерден дауыс бере алады. 

Өңірде 492 мың 381 адам дауыс беру құқығына ие. Референдум барысын саяси партия өкілдері мен халықаралық байқаушылар қадағалайды. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Райхан Тәжібаева, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұханбет Байбұллаев