Жетісу облысында референдум барысын 1200-ден аса қоғамдық ұйым өкілі бақылайды
Жетісу облысында жалпыұлттық референдумның өтуін 1200-ден астам қоғамдық ұйым өкілі бақылайды, деп хабарлайды 24kz.
Осы мақсатта олар арнайы оқудан өтті. Жалпы аймақта 500-ден артық үкіметтік емес ұйым бар. Түрлі бағытта жұмыс істейтін бірлестік өкілдері Талдықорғанда бейбіт мақсатта атом энергетикасын пайдалану мәселесін талқылады.
Жанат Төлемісова, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ ОФ басшысы:
- Бүгінгі күні біздің қоғамдық байқаушылар 100% дайын. Олардың қолына әр қоғамдық бірлестіктің атына жолдамалар беріледі. Ол жолдамалар референдум күні қоғамдық байқаушы ретінде отыратын құқықтарын растайды.