Қорғаныс министрлігі психологиялық көмек көрсету ұйымдарымен келісім жасады

Қорғаныс министрлігі психологиялық көмек көрсету ұйымдарымен меморандумға отырды, деп хабарлайды 24kz.

Енді олар құмар ойын, өзіне өзі қол жұмсау, әлімжеттік жағдайларын болдырмау бағытында бірлесіп жұмыс істейді. Келісім аясында кездесулер, форумдар мен конференциялар өткізіледі. Сондай-ақ ұйымдардың өкілдері ведмоства мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Олар бұл қызметтері үшін ешқандай ақы алмайды. Жиын соңында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев ұйым жетекшілеріне алғысын білдірді.

Тілеухан Басқожаев, ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы:

- Психологиялық орталықпен келісімшартқа отырып отырған келісіміміздің екі мақсаты бар. Бірінші мақсат, бұл әрине, қайтарымсыз шығынның алдын алу мақсаты болып табылады. Бұл әскерге шақырылатын жас азаматтар және жас сарбаздармен жұмыс атқару. Екінші мақсат бұл тұрақты құрам офицер және сержанттармен отбасылық жағдайлармен жұмыс жасау.