Елімізде қант қызылшасын өсіруге бюджеттен субсидия бөлінеді
Елде қызылша өсірілетін Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді.
Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңес отырысында айтылды. Тың бастама айналым қаражатын жеңілдетілген пайызбен толықтыру үшін қант зауыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Мәселен, Аграрлық несие корпорациясының қант зауыттарына төмендетілген пайызбен берілген кредиттің жалпы сомасы 25,8 млрд теңгені құрайды. 15 млрд теңгеге Ақсудағы қант зауытына несие желісі ашылып, Жетісу корпорациясы арқылы 1,6 млрд қаржы бөлінді. Ал, Меркі қант зауытына 10,8 млрд теңгеде несие желісі ашылды.