Жетісу облысында 463 дауыс беру учаскесі ашылды

Жетісу облысында 463 референдум учаскесі ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Жетісу облысындағы дауыс беру учаскесінің бірінен бізбен Шыңғыс Қалиден тікелей байланысқа шықты.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Біз қазір Талдықорғанның төріндегі №389 учаскеде тұрмыз. Бірер минут бұрын ашылғанына қарамастан мұнда тұрғындар ептеп келе бастады. Сөйтіп, өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіріп жатыр. Көпшілік үшін жеке кабинкалар орнатылып, мүгедектігі бар азаматтарға да қолайлы жағдай жасалған.

Жаңа атап өткендей, облыста 463 дауыс беру учаскесі бар. Оған 442 мыңнан аса адам келеді деп жоспарланған. Референдумның заң талаптарына сай өтуін 1400 ден аса қоғамдық ұйым өкілі бақылап жатыр.