Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар учаске мекенжайына уақытша тіркеле алады
Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар жалпыұлттық референдумға қатысу үшін учаске мекенжайы бойынша уақытша тіркеле алады, деп хабарлайды 24kz.
Мұндай қызметті ел аумағындағы 196 дауыс беру учаскесінде Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көрсетеді. Оларға таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жүгінуге болады.
Ескеретін маңызды жайт, 7 қазан күні азамат автоматты түрде тіркелген жерінен шығарылады. Ал дауыс беруші өз тұрғылықты мекенжайы бойынша қайта тіркелуі керек.