СҚО-да 591 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Солтүстік Қазақстан облысында дауыс берушілер тізіміне 400 мыңға жуық адам тіркелген, деп хабарлайды 24kz.

Өңірде 591 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Солтүстік Қазақстан облысында да референдум учаскелері таңғы 7-де ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Қазір біз Ғабит Мүсірепов атындағы балалар кітапханасында тұрмыз. Өңірде 2 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар дауыс беруші бар. Олар учаскіге бара алмаған жағдайда өз таңдауын үйде жасайды.

Сағындық Рахымжан, облыстық референдум комиссиясының мүшесі:

- Біздің облыста республикалық референдумды әзірлеуді және өткізуді 606 референдум комиссиясы жүзеге асырады. Оның ішінде 15-і аумақтық рефрендум комиссиялары және 591-і учаскелік референдум комиссиялары. Жалпы азаматтардың тіркелген жері бойынша дауыс беретін учаскелердің саны 578. Және 13 учаскеде азаматтардың уақытша болатын орны бойынша дауыс беру ұйымдастыралады.

Жалпы бүгін Солтүстік Қазақстан облысында 400 мыңға жуық адам таңдау жасайды. Ал тұрақты мекен жайы жоқ адамдарды халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бір күнге тіркеуге қойып, дауыс беру құқығын береді.