Жетісу облысында 102 жастағы әже дауыс берді

Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова ең бірінші болып №322 дауыс беру учаскесіне келді, деп хабарлайды 24kz.

Осылайша, қарттығына қарамастан белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. 12 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты анаға құрмет көрсетіліп, тарту таралығы табыс етілді. Өз кезегінде ғасырдан аса ғұмыр кешкен кейуана көпшілікке алғысын білдіріп, ақ батасын арнады.