Алматыдағы учаскелерде қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілдері жұмыс істеуде

Алматыдағы референдум учаскелерінде «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының 3 мыңнан астам өкілі жұмыс істеп жатыр.

Олар дауыс беру процесін қадағалап, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Қоғамдық байқаушылар коалициясы Алматы филиалының төрағасы Александр Братенков қаладағы барлық учаскеден үздіксіз ақпарат алып отырғанын айтты. Дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде. Ереже бұзу тіркелген жоқ. Барлық байқаушылар заң талаптарына сай жұмыс істеуде. Олар он күн бойы құқықтық сауаттылықтарын арттырып, арнайы дәріс алған.

Александр Братенков, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Алматы филиалының төрағасы:

- Алмты қаласында 624 референдум учаскесі бар. Оның 75-сі азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған. Біздің байқаушылар бақылап отыр. Әзірге заң талаптары бұзылғаны туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.