Олимпиада чемпионы Е.Сметов референдумда дауыс берді

Таразда Олимпиада чемпионы Елдос Сметов дауыс берді.

Спортшы бұған дейін де саяси науқандардан қалыс қалған емес. "Ел алдында жүрген соң ел болашағына әсер етер сәтте қол қусырып отырмаймын", - дейді ол. Чемпион №82 учаскесіне келіп, өз дауысын берді. Мұнда 2500-ден аса тұрғын тіркелген. Референдумға халық та белсенді қатысуда.

Елдос Сметов, Париж Олимпиадасының чемпионы:

- Өз таңдауымды жасадым. Ел болашағы үшін, еліміздің дамуы үшін елімізге пайдасын тигізетін дүниелер үшін әр қазақтың баласы, әр қазақ халқы, өзінің дұрыс таңдауын жасау керек деп ойлаймын.