Exit poll өкілдері сауалнама жүргізуге кірісті
Дауыс беру басталған сәттен экзитпол өкілдері де қызу жұмысқа кірісті.
«Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының өкілдері әр өңірде сауалнама алып жүр. Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалаларында ұйымның ондаған мүшесі бірнеше учаскеде дауыс берушілермен тілдесіп, қандай таңдау жасағанын жазып алуда. Экзитпол өкілдері сайлау учаскелерінің тек сыртында жұмыс жасап жатыр. сауалнама «үздіксіз ағын» әдісі бойынша жүргізілуде.
Мадина Алдажанова, экзитпол тобының жетекшісі:
- Референдум учаскесі өзінің бір тәртібіне сәйкес іріктеліп алынды. Сол іріктеліп алынған учаскелерде халықтан сауалнама алуда. Ең негізгі мақсат – халықтың референдумға қатысуының белсенділігі қандай екенін анықтау. Жалпы халықтың қатысуы жаман емес, белсенділік танытып жатыр. Әр түрлі жас категориясы келуде.