Ақтөбеде қайырымдылық қорының еріктілері белсенділік танытты

Қайырымдылығымен елге үлгі болған жандар да таңдауын жасады.

Ақтөбеде «Asar-ume» қайырымдылық қорының еріктісі Әнуар Сандыбаев референдумға қатысты. Учаскеге алғашқылардың бірі болып жеткен тұрғын бүгінгі жалпыұлттық шара ел болашағы үшін маңызды дейді. Жалпы Ақтөбе облысында 530 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Облыстың 569 мыңнан астам тұрғыны дауыс беруге құқылы. 

Әнуар Сандыбаев, қайырымдылық қордың модераторы:

- Бұрын мектепте оқып жүргенімде еліміздің саяси өміріне қызығушылығым жоқ еді. Өсе келе зерделеп, маңыздылығын түсіндім. Мұндай маңызды сәтте біз атсалыспасақ кім қатысады? Сондықтан әрбір Қазақстан азаматты таңдауын жасауы тиіс деп ойлаймын. Бұл ел үшін және әрбір тұрғын үшін маңызды.