Референдумның маңызы зор

Референдумның маңызы зор

Референдум – ел азаматтарына мемлекеттік мәселелерге үн қосуына берілген мүмкіндік.

Саяси шараның маңыздылығы осында, - дейді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп. Саяси ғылымдарының кандидаты Медеу ауданындағы 363-ші референдум учаскесінде таңдау жасады. Мұнда 900-ден астам адам тіркелген.

Болат Тілеп, Абай атындағы қазұпу ректоры:

- Әр азаматтың осындай үлкен мемлекеттік деңгейдедегі шешімдерге тікелей қатысып, осы шешімдердің қабылдануына өз үлесін қосуы бұл әрине бізде бар демократиялық үрдіс. Бұдан бөлек жалпы осы мемлекеттің дамуына әрбір азаматымыздың тікелей қатысуын қамтамасыз ететін үлкен мүмкіндік.