Құрманғазы ауданында қамыс өртеніп жатыр
Атырау облысы Құрманғазы ауданында 8 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары әуеден барлау кезінде аудан орталығынан 43 шақырым қашықта Каспий теңізіне жақын аумақта қамыс өртін анықтаған. Бірақ толық сөндіру әлі мүмкін болмай отыр. Себебі жер батпақты болғандықтан техника жақындай алмайды. Бүгін тікұшақ көмегімен су шашылды. Департамент мамандары елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтады. Осы күнге дейін 1,5 гектар жерде өрт сөндірілді.
Айсұлу Келдіғалиева, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
- Бүгін таңнан бастап қайтадан қызметкерлер өрт сөндіру жұмыстарына шығып кетті. Қазіргі уақытта «Қазавиақұтқарудың» су төгу құрылғысы бар тішұшағы қайтадан жұмылдырылып, бүгінгі әуеден су төгу арқылы және жаяу тұрғыда өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін енді 25 қызметкер, 1 тікұшақ, 1 трекол автокөлігі жұмылдырылды қайтадан.