Қазақстан армиясын 20 мыңнан астам адам толықтырады

Қазақстан әскерін 20 мыңнан астам сарбаз толықтырады.

Сала мамандары күзгі шақыру науқаны туралы брифингте баяндады. Олардың айтуынша, Қарулы күштер қатарына 10 мың, Ұлттық ұланға 7 мың, Шекара қызметіне 3 мыңнан астам адам шақырылып отыр. Ал қалғаны Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі. Өңірлерде 195 комиссия жұмыс істеп жатыр. Брифинг барысында мамандар әскердегі қайғылы жағдайлардың алдын алуға қатысты сауалға жауап берді.

Астана

Фархат Айдарбаев, ҚР Қарулы күштері бас штабының департамент бастығының орынбасары:

- Әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жеке құраммен жұмысқа жаңа бастамалар енгізілген. Барлық әскери бөлімде бейнебақылау жүйелері орнатылған. Тұрақты негізде социологиялық сауалнамалар жүргізіледі. Психологтар жұмыс істейді.