Шымкентте соңғы үлгідегі атом электр станциясына талдау жасалды

Шымкентте ғалымдар соңғы үлгідегі ядролық реактордың төртінші санатты технологиясы мен қауіпсіздік жүйесі туралы ой қозғады.

Жиынға Ұлттық ядро орталығының сарапшысы онлайн режимде қатысты. Озық типті реактор жасанды интелект көмегімен басқарылады. Сандық жүйе арқылы, технологиялық талаптардың орындалуы мен кез келген бағдарламалық ауытқудың алдын-алуға болады. Қазір АЭС құрылысына жаңа технологияларды енгізу ісі Франция, Оңтүстік Корея, Жапонияда жақсы дамыған, дейді мамандар.

Нұрсұлтан Файз, "Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер" кафедрасының доценті:

- Ядролық реакторлармен жұмыс істеп жүргеннен кейін сол бойынша технологиялық негіздемесін, оның алгоритмін құру процесін, құрылысын жүргізу барысындағы ерекшеліктерін толығымен қамтамасыз ету мақсатында қонақ дәріс қарастырылған.