Ақмолалық диқандар рекордтық көлемде өнім жинады

Ақмолалық диқандар қамбаға 6 млн тонна астық құйды.

Бұл ­– рекордтық көрсеткіш. Өңірдегі орақ науқаны әлі жалғасып жатқандықтан, өнім көлемі  алдағы күндері арта түсері анық. Қазір шаруалар егіннің 95% жинады.

Ғалымхан Саханов, серіктестік директоры:

- Басында жаңбырлар болып, қанша қиыншылықтар болды. Соған қарамай біздің облысымыз жақсы жетістікке жетіп отыр. Оның барлығы мемлекеттің қолдауы және халықтың ұйымшылдығы деп санаймыз.

Кенеш Әлімжанов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Тәуелсіздік алғалы осындай көлемдегі өнімді екінші рет алып жатырмыз. Рекорд 2011 жылы тіркелген. Биыл да диқандардың үміті ақталды деп ойлаймын.