Қостанайлықтар орақ науқанын аяқтап қалды
Қостанайлықтар 5 млн 344 мың тонна астық жинады, орташа өнімділік гектарына 13,2 центернерден айналған.
Әулиекөл, Жангелдин, Науырзым аудандары орақты аяқтаған, Амангелді ауданы мен Арқалық қаласы бүгін-ертең деп отыр.Облыстың астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа егіннен 1 млн.106,3 мың тонна астық түскен, оның 843,1 мың тоннасы жұмсақ бидай. Қамбаға түскен бидайдың 61% - ы 3 - классқа, 26% - ы 4-классқа, 11% - ы 5-классқа жатады. Өңір 8,3 млн.тоннаға астық сақтай алады. Оның 3 млн. тоннасы элеватор, 5,3 млн. тоннасы ауыл шаруашылығы құрылымдарында. Бұл жиналған астықты сақтау үшін жеткілікті.