Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкім Дастан Рыспековті таныстырды, деп хабарлайды 24kz.
Премьер-министр мен Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай аймаққа Президент тапсырмасымен арнайы барды. Облыс мәслихаты депутаттарының жиналысында Үкімет басшысы бұған дейінгі әкім Берік Әбдіғалиұлына өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Жаңа басшылықтың алдында экономиканы дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, инфрақұрылымды жаңғырту секілді маңызды міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл лауазымға Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынған. Ашық дауыс беру кезінде 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековті қолдап, қалған 15-і Ұлантай Үсеновке дауыс берді.