Экологияға зиян келтірген компанияға ₸4 млн айыппұл салынды

Жаңаөзен қаласында белгілі бір компания мұнай құбырларын тазарту үшін қолданылған сұйықтықты топыраққа төккен.

Мұны жергілікті прокуратура өкілдері экология заңнамасының сақталуын қадағалау барысында анықтаған. Зертханалық талдауға сәйкес мамандар, жерде мұнай өнімдері барын растады. Қазір заң бұзған компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 миллион теңге айыппұл арқалады.