Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар анықталды
Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзған 110 азамат анықталды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оның 87-сі шетелден келген заңсыз мигрант, алтауы жосықсыз жұмыс беруші. Мамандар заң бұзушыларды «Алматы-Екатеринбург» тас жолында рейд жүргізу барысында анықтаған. Қазір олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.