Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілер түгел ұсталды

Талғар қаласындағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілер түгел ұсталды.

7 адам оқиға күні қамауға алынса, өткен жексенбіде тағы 3 адам құрықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Бүгін құзырлы органдар журналистерге бейнебақылау камерасына түскен жазбаны көрсетті. Материалда жанжалдың неден басталып, қалай ушыққаны анық көрінеді. Жауаптылардың пайымдауынша, қақтығыс 2 бөтелке сыра үшін басталмаған. Себебі бейнежазбада күдікті сыраның ақысын төлегені көрінеді. Оқиғаның ақ-қарасы арнайы сараптамадан кейін белгілі болады. Құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратпай, байыпты болуға шақырды. Бұл тергеу ісіне кері әсер ететінін жеткізді. Айта кетейік, қазір іс бойынша 10 адам күдікті деп танылған, тағы екеуі іске қатысы бар болуы мүмкін. Ұсталғандардың арасында бұрын сотты болған азаматтар бар.