Алматыдағы аграрлық университетте қаражат жымқырылған
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде мемлекеттік бюджет қаражаты жымқырылған.
Алматы қаласының прокуратурасы хабарлағандай, білім ордасы 2020 жылы қант жүгерісінің тұқымын, аммофос минералды тыңайтқышы мен аммиак селитрасын мемлекеттік сатып алу туралы 3 келісім-шарт жасаған. Онда көрсетілген жалпы сома 44 млн теңгеге жуықтайды. Алайда тексеріс барысында тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегені анықталды. №2 Медеу аудандық сотының үкімімен университеттегі «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ал залал мемлекетке толық көлемде өтелген.