Сарандағы үйлерге жылу берілді
Саран қаласындағы үйлер мен әлеуметтік нысандар түгел жылуға қосылды.
Қазандықтар қажетті отынмен қамтамасыз етіліп, өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істей бастады. Әзірге қаладағы жылуды жергілікті қазандықтар қамтамасыз етеді. Уақыт өте орталық желіге қосылады. «Бұл істі жеделдету үшін қалада арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр», – деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Біз барлық жылу көздерін аралап, жылумен қамту барысына егжей-тегжейлі талдау жасадық. Нәтижесінде орталық жылу көзі іске қосылғанға дейін қаланы жылумен қамтуды жергілікті қазандықтар қамтамасыз етеді деген шешімге келдік. Барлық әлеуметтік нысанға жылу берілді.
Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:
- Қазір резервте тұрған барлық жергілікті қазандық дайындалып, іске қосылды. Жылу толық көлемде берілуде. Біз барлық қазандықтардың температурасын бақылап отырмыз.