Атырауда жылу беру маусымы он күнге кешігіп жатыр

Атырауда жылу беру маусымы 10 күнге кешігіп жатыр.

Күннің күрт салқындауына байланысты жылу әлеуметтік нысандарға 1 қазаннан бастап, ал үйлерге 8 қазанға дейін берілуі тиіс болатын. Бірақ әлі күнге дейін облыс орталығындағы көпқабатты 500-ге жуық үйге жылу жеткен жоқ.

Әбілқайыр хан көшесіндегі қөп қабатты екі үйдің тұрғындарын ашындырған  жылу ғана емес, ыстық және салқын су тоқтап қалған.   

Фариза Кәриева, көп балалы ана:

- 4 бала бар үйде. Мынау комфортный элиткласс дом болғасын біздер сатып алдық. 2 жыл болды тұрып жатқанымызға 10 айдай проблема осы сумен.

Әбужайық Сисенғалиев, қала тұрғыны:

- Осы су жаздай бірнеше рет тоқтады. Жылу тағы солай, свет тағы болмай қалады. Сонда мына корпусты неге салды? Салған компаниядан жауапкершілік сұрауға болмай ма? Жылуды әлі берген жоқ. Осы түнде   береміз деген. Жоқ. Мынадай болып жатқанда жылу бола ма?

Қалалық құрылыс бөлімі тұрғындардың мәселесін қадағалауға алды. Жұртшылықпен кездесуде әкімдіктен өкіл болмағасын біз өзіміз аяқтай іздеп бардық. 

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Әлі күнге жылу жүйесіне қосыла алмай отырған 500-ден астам көп қабатты  үй тұрғындарының арызын алып, біз қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесіне келдік. Бірақ бұл арада қандай да түсінік беруден бас тартты. Тек телефон арқылы тілдескенімізде кешелі бері қосымша 200 көп қабатты үйге жылу берілді деді.

Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин