«Киберпол» алаяқтыққа қатысты 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылды

Биыл ішкі істер министрлігінің «Киберпол» арнайы топтары алаяқтыққа қатысты 2,5 мыңнан астам қылмыстың бетін ашқан, деп хабарлайды 24KZ. Нәтижесінде 962 млн теңге көлеміндегі шығын өтелді. 914 қылмыскер ұсталып, жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталған.

Тағы еліміздің 5 қаласында 19 SIM-бокс және 6 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карта анықталды. Ал «Антифрод-орталық» жұмысы аясында шетелге шығару сатысында тұрған 400 млн теңге бұғатталған екен.