Түрлі салада тер төккен озаттар марапатталды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Республика күні қарсаңында сала үздіктерін мемлекеттік және ведмостволық медальдармен наградтады.

Салтанатты жиынның мерейлі мезеттері мен маңызды тұстары.

Бұл мәдениеттің мәйегін сарқып ішкен, ақпараттың айдынында шындалған кіл мықтылар. Бүгін олар Қазақстан концерті залында бас қосты. Саналы ғұмырын саланың дамуына сарп еткен саңлақтар марапат биігінен көрінді. Олардың еселі еңбегі мен қажырлы қызметін ел президенті ескеріп, кеш қонақтарын Аида Балаева қазақ басшысының жарлығымен бекітілген мемлекеттік медальдармен марапаттады. 

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

- Тәуелсіздіктің арқасында бүгін баршамыз еліміздің әр саласында дамып, өркендеуіне үлесімізді қосып келе жатырмыз. Аянбай  күндіз-түні жасап жатқан еңбектеріңіз үшін  ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қосып жатқан үлестеріңізді, қайратты еңбектеріңізді ескеріп, президентіміз де бүгін үлкен мемлекеттік наградалар беру туралы өзінің жарлығын шығарды. Ол біздің барлығымыз үшін сүйінші хабар. 

Марапат төрінде Қазақстанның халық әртісі атағы да табысталды. Ұзақ уақыттан бері берілмей, былтырдан бастап қайта қатарға қосылған мемлекеттік мәртебені бүгін Майра Ілиясова бастаған өнер өкілдері иеленді.

Майра Ілиясова, Қазақстанның халық әншісі:

- Халық артисі деген әрбір 50 жыл жұмыс істеген, 40 жыл жұмыс істеген, өнерге еңбегі сінген, ақыл тоқтатқа, өмірдегі өзіңнің бір ойың бар, бір керемет өнердегі орнын бар, сол кезде халық әртісін алған меніңше өте жүрекке жылы. Сол үшін біз еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысым зор.

Салтанатты шарада медиа мамандары да марапатталды. Мәртебе биігінен көрінгендердің бірі әріптесім Аслан Қаженов. Тілшілік тіршілікте табанды қызмет етіп келе жатқан ол "Ерең еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Аслан Қаженов, 24KZ телеарнасының тілшісі:

- Бүгін біз үшін тосынсый болды. Республика күні қарсаңында арнайы марапат дайындаған екен, мемлекет басшысының жарлығымен. Еңбегімізді аз-кем елеп жатыр екен. Бұл мотивация. Біз қызмет ететін мемлекеттік арнадағы әріптестерімізді, үлкен ұжымның еңбегі. Біз көтеріп жүрген мәселелер, біз спорт саласында жазамын. Қазір үлкен өзгерістер болып жатыр, кішкентай тамшысындай үлесіміз бар деп ойлаймын.

Сондай-ақ сала өкілдері ведмостволық марапаттармен де наградталды. Мәртебелі меймандардың құрметіне кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Шернияз Жалғасбекұлы, Арман Ақшабаев