«Елорда аруы» байқауының қатысушылары қарттар үйінің ауласын тазартты
Бүгін «Елорда аруы» байқауының қатысушылары қарттар үйінің ауласын тазартты, деп хабарлайды 24kz.
Республика күніне орай арулар қарттардың көңіл-күйін көтеру үшін дастархан жайып, кішігірім концерт қойды. Оларға әжеміз өз ақ батасын берді.
«Елорда аруы» дарынды жастар алаңы осыған дейін 30-ға жуық қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырған. Бұл байқау елімізде биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – жастарды жақсылық жасауға бейімдеу. Былтыр қазан айында кастингке 800 қыз қатысып, оның 25-і финалға жолдама алған. Қорытындысы алда желтоқсан айында өтеді. Арулар жыл соныңда іс-шараларға, белсенді қатысуы бойынша бағаланады. Бұл әлеуметтік жоба енді жыл сайын ұйымдастырлмақ.
Ақсұңқар Шакей, «Елорда аруы» дарынды жастар алаңы байқауының қатысушысы:
- Біз қалалық сенбіліктерге қатысып тұрамыз. Бүгінде мысалы осы айда атап өтілген қарттар күніне байланысты және де Республика күніне орай бүгін қарттарымызды құттықтай келдік. Бұл «Елорда аруы» дарынды жастары байқауының негізгі мақсаты – қайырымдылық жобаны алға дамыту, насихаттау.